Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

3 желтоқсан - Халықаралық мүгедектер күні

Мүмкіндігі шектеулі жандардың халықаралық күні

1992 жылдың аяғында БҰҰ Бас Ассамблеясы мүгедектер онжылдығының (1983-1992) аяқталуына орай 3 желтоқсанды мүгедектер күні етіп жариялады. Кез келген мемлекеттің құндылығы мен ізгілігі балалар мен қарттарға, мүгедектерге деген қарым-қатынасымен айқындалады. Мүмкіндігі шектеулі жандардың халықаралық күні туғанынан өмірдің азабын тартқан жандарға тағы бір назар аударып, жанына желеу болуға мүмкіндік жасайды. Халықаралық мүгедектер күні әлемде жыл сайын 3 желтоқсанда атап өтіледі. Биылғы жылдың тақырыбы – мүгедектердің қажеттіліктерін ескере отырып, пандемиядан кейінгі инклюзивті және тұрақты әлемге жол салу. түрлі ауқымды шараларды іске асырып келеді. Қазіргі таңда “Nur Otan”партиясы жүйелі жұмысын жаңғырту мақсатында түрлі ауқымды шараларды іске асырып келеді. Олардың қатарында «Кедергісіз келешек» деп аталатын партиялық жоба да бар. Негізгі мақсаты – мемлекетіміздегі мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту және тұрақты қамқорлық көрсету болып табылады.

ҚР Тұңғыш Президенті, «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаев мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін еліміз кедергісіз аймаққа айналуға тиіс екенін түсіндірген еді. Жалпы айтқанда, мұндай тұлғалар өздерін қоғамның толыққанды мүшесі екенін сезінулері керек.Барша мүмкіндігі шектеулі жандарға қажымас қайрат,мұқалас жігер тілеймін.

0
0
278

Осы тақырып бойынша

3 желтоқсан - Халықаралық мүгедектер күні - Yvision.kz