3-желтоқсан - Халықаралық мүгедектер күні
Мүмкіндігі шектеулі жандар - қарапайым дені сау жандарға қарағанда ерекше жаратылған тұлғалар.
Бүгін, 3 желтоқсан - Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күні.
Мүгедектігі бар адамдарға сезімталдығы, мұқияттылығы мен қарым-қатынасы біздің қоғамымыздың моральдық денсаулығының көрсеткіші болып табылады. Қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандардың мүмкіндіктерін шектеп,олардың жеке бастарына қатысты пікір білдіруге тиым салынған.
Елбасы, тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Жолдауында мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесін назардан тыс қалдырған жоқ. Олар үшін "кедергісіз орта" қалыптастыру жайын баса айтты. Елбасымыздың жолдауында мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты айтылған шаралар қазіргі таңда өз жемісін беріп келеді.
