27 мамыр мен 02 маусым аралығында
партиялық жобасы аясында «Балаларға арналған қауіпсіз және жайлы инфрақұрылым» атты рейд жүргізілді. Шараға «Nur Otan» партиясының Көксу аудандық филиалы, Көксу ауданының жастар ресурстық орталығының жетекшісі, «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Қ.Дүйсенбаев, Отбасы, әйелдер және балалар құқықтары жөніндегі кеңес мүшелері,сондай-ақ Көксу аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Д.Айдарұлы қатысып, Ақшатоған, Балпық би ауылдарында ашық люктарға, көше шамдарының жарығына, қозғалыс қауіпсіздігіне тексеріс жұмыстары жүргізілді. Рейд барысында көшелерде толығымен люктар жабық, ашық люктар табылмады, көше шамдары толығымен жаңып тұр, балалардың жол-жүру қауіпсіздігі қамтылып, жаяу жүргіншілер өткелдігі белгіленген.
#бақыттыотбасы
#30игііс
