Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

26-шы қараша күні Проблемалық мәселелер бойынша Майшұқыр ауылының тұрғындарымен кездесу өтті.

Ағымдағы жылдың 26-шы қараша күні Проблемалық мәселелер бойынша Майшұқыр ауылының тұрғындарымен кездесу өтті.

Қорғалжын аудандық «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Амангелдинов Мадияр Серікұлы және партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Өмірбай Кәкімұлы Балғабаев, партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары Рысбаев Берік Оралбайұлы, Қорғалжын ауданы әкімінің орынбасары Аманжолов Әліби Бейсентайұлы, аудандық білім бөлімінің басшысы, "Білім"бастауыш партия ұйымының төрағасы Омарова Сауле Қуанышқызының қатысуларымен Майшұқыр ауылындағы Майшұқыр негізгі мектебінің жөндеу жұмыстарын тексерді. Тексеру барысында жөндеу жұмыстарына нұсқаулықтар берілді. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мектептің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып қалды. Ғимараттың ішкі ұсақ жұмыстары жүргізілуде.

0
0
198

Осы тақырып бойынша

26-шы қараша күні Проблемалық мәселелер бойынша Майшұқыр ауылының тұрғындарымен кездесу өтті. - Yvision.kz