«25 қайырымды іс» шарасы басталды
«25 қайырымды іс» шарасы аясында Талдықорған қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары, депутаттық фракция жетекшісі Асия Тұрсунқызы Ахметова жалғызбасты тыл еңбеккерлері З.Литвиненко мен В.Березанинаны 9-мамыр Ұлы Отан соғысы күні қарсаңында мерекемен құттықтап шықты. Жылы лебіздермен қоса ардагер әжелерімізге гүл шоқтары табысталып, сыйлықтар мен қажетті азық-түліктермен қамтамасыз етті. Зор құрметке ие болған ардагерлер партияға шынайы алғыстарын білдіріп, елімізге бейбіт өмір, нұрлы болашақ тіледі! 
