23 тамыз күні құқықтық керуен "Ата Заңым-айбыным!" атты ашық есік күні өтті.
23 тамыз күні құқықтық керуен "Ата Заңым-айбыным!" атты ашық есік күні өтті. "Nur Otan" партиясының қабылдау бөлмесінде Өскемен қаласынан Отбасы банкінен Бизнесті дамыту бөлімінің маманы Ерлан Назарханұлы келіп, ауан тұрғындары арасында тұрғын үй алудың тиімді тәсілдерімен бөлісті. Ол мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен түсіндіріп, әр тұрғынның баспаналы болуына үлес қосуды мақсат етті. 📢Ерлан Назарханұлы Үлкен Нарын ауылында бірнеше күн болады. Есеп шот ашу қажет болса, басқа да сұрақтар болса, кездесіп немесе 87086564134 номеріне хабарласып, толық ақпарат алуға болады.
