23 тамыз күні өңірлік даму жөніндегі қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өткізілді.
«Nur Otan» партиясының жанынан партияның сайлауалды бағдарламасаның орындалуы мен жүзеге асырылуын бақылау мақсатында құрылған қоғамдық кеңестердің жұмысы жылдық жоспарға сәйкес өткізілуде. Ағымдағы жылдың 23 тамыз күні өңірлік даму жөніндегі қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өткізілді. Қоғамдық кеңестің төрағасы Османов Арлен Сеналович кезекті отырыстың күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады.
2021 жылдан бастап Шонжы ауылында жалпы көлемі 4930 шаршы метр болатын екі 60 пәтерлік тұрғын үй құрылысының сапасын бақылау және 2021 жылдан бастап ұзындығы 110 км Қалжат ауылына дейін магистральды газ құбырын салу мәселесін шешу, 28 мыңға жуық адам тұратын 14 ауылдың тұрғын үй секторын және Шонжы ауылында әлеуметтік нысандарды, 6 мектепті, 3 мемлекеттік балабақшаны қосу мәселесі бойынша мәселенің орындалу барысы мен мерзімі бойынша мәселені талқылап өтті.
