22-сәуір күні А.Нысанбаева «Дәрігерлерді ардақтайық»жобасы аясында қызметкерлерге қоржын табыстады
Бүгін 22-сәуір күні «Nur Otan» партиясы Ақжайық аудандық филиалының бірінші орынбасары А.Нысанбаева «Дәрігерлерді ардақтайық» жобасы аясында Ақжайық аудандық жұқпалы аурулар бөлімінде провизорлық стационар қызметкерлерінің жұмысымен танысып, ақ халатты абзал жандардың жұмыстарына сәттілік тіледі. Қазір елімізде көрінбейтін жаумен күрес жүріп жатырғаны баршамызға белгілі. Осы күресте халқымыздың денсаулығы үшін жан аямай еңбек етіп жүрген дәрігерлерге алғыс білдірді. Сондай-ақ, аудан тұрғындарыныңда алғысын жеткізіп, демеушілердің ұсынған қоржындарын табыстады. (Демеушілік көрсеткен: Ақжайық аудандық мәслихат депутаттары – А.Нысанбаева, С.Дошанова, Д.Ихсанға рахметімізді айтамыз)
