22-наурыз "Ұлыстың ұлы күні - Наурыз"
22-наурыз "Ұлыстың ұлы күні - Наурыз" мейрамына қарсы Ақтау мәдениет үйі салауатты өмір салтын насихаттап, ұлттық ойындарды дәріптеу мақсатында, ұлттық ойындар "Асық ату" мен "Ләңгі тебуден" Мәдениет үйі алдында мерекелік жарыс өткізді. Жарысқа студенттер мен оқушылар белсене қатысып, нәтижесінде арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бұл жарыста тек ер балалар ғана емес сонымен қатар қыздарда да "Асық ату" жарысына қатысып өз мергендіктерін көрсетіп, жүлделі орындарды иеленді. Жарыс мақсаты жасөспірімдер мен оқушылар арасында осы ұлттық ойындарымызды кеңінен таратып, дамытып жастарымызды спортқа баулу. Жарыс қызықты да көңілді өтіп, белсенді оқушылар ойындардан алған әсерлерімен бөлісіп, өз алғыстарың білдіріп тарқасты.
