21 қараша - Бүкілдүниежүзілік Телевидение күні
Осыдан ширек ғасыр бұрын, яғни, 1996 жылғы 21 қарашада бірінші Дүниежүзілік телевизиялық форум болып өтті. Мұнда әрине, телевидениенің өткені мен бүгіні, келешегі жайында келелі ойлар ортаға салынды. Форум телевидение тарихындағы ең бір жарқын сәттердің бірі болғаны даусыз. Сондықтан да, БҰҰ Бас Ассамблеясы 1998 жылы 21 қарашаны "Дүниежүзілік телевидение күні" деп жариялады. Бұл күнді бейбітшілік, қауіпсіздік, экономикалық және әлеуметтік даму және мәдени алмасуды кеңейту тақырыптарына арналған телебағдарламалармен алмасу арқылы атап өту ұсынылды. Қазақстанда отандық телевидение тарихы 1958 жылдан басталады. Біздің Кеншілер қаласында "AQSHAM" телеарнасы жұмыс істейтіні белгілі. Құрылғанына көп уақыт өте қоймаса да, жас телеарнаның көрсетілімдері көрермендер тарапынан жақсы бағаланып жатқаны белгілі. Заманауи технологияларды орынды пайдалану арқылы телеарнаның аудиториясы ұлғайды. Сондықтан, "AQSHAM" телеарнасының көрсетілімдері тек қаланың, аумақтың көлемімен шектеліп қалмайды. Бұған біз өте қуаныштымыз. Бүгін мерекені пайдаланып, барлық телеарналардың қызметкерлерін, әрине, ең алдымен өзіміздің "ақшамдықтарды" төл мерекелерімен қуана құттықтаймыз. Шығармашылық шабыт, еңбектеріне жеміс, дендеріне саулық, бақыт тілейміз.
