Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттар

2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттарының сайлауына орай Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы бекіткен сайлауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі күнтізбелік жоспарына сай "АМАNAT" партиясы сайлауалды үгіт-насихаттық жұмыстарын жүргізуде.

Осы орайда, "AMANAT" партиясының партиялық тізімі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Ербол Салықов және Батыс Қазақстан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Абзал Насиолла Жәнібек ауылына арнайы келіп, ауыл сайлаушылармен кездесу өткізді.

Кездесуді жүргізген "AMANAT" партиясының Жәнібек аудандық филиалының төрағасы Біржан Қуаналиев жиынның мақсатын атап өтіп, ауылға келген кандидаттарды таныстырып шықты.

Алдымен сөз алған Ербол Салықов партияның сайлауалды бағдарламасында айқындалған негізгі міндеттерді атап өтіп, ауылдық жерлердегі бірқатар өзекті мәселелерге тоқталды. Соның ішінде әлеуметтік сала бойынша денсаулық сақтау саласындағы медициналық кадрлардың тапшылығын жою, медициналық қызметтер сапасы деңгейін арттыру және білім беру объектілерін талапқа сай келтіру, автомобиль жолдарының сапасын жақсарту, елді мекендерді қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүйесін дамыту бойынша алдағы уақытқа белгіленген міндеттер туралы хабардар етті.

Өз кезегінде сөз сөйлеген Абзал Насиолла алдағы кезеңге облыс көлемінде жоспарланған жұмыстар жөнінде мәлімдеп, осы бағытта партия тарапынан атқарылатын шаралар туралы ақпарат берді.

Кездесуде сөз сөйлеген Жәнібек аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уалиев шекаралық елді мекендерді дамыту, түрлі санаттағы автомобиль жолдарының сапасын жақсарту, Жәнібек ауылындағы дендробақты қалпына келтіру, суландыру жүйесін қалпына келтіру, экологиялық мәселелерді шешу, шекаралық бекеттердің материалдық-техникалық базасын нығайту және өзге де бірқатар өзекті мәселелерді атап өтті және сөз соңында кездесуге қатысушы кандидаттарға сәттіліктер тіледі.

Бұдан басқа, Жәнібек ауылының тұрғыны Бекет Әліпқалиев сайлауға қатысушы депутаттыққа кандидаттарға сәттіліктер мен олардың алдағы қызметтеріне толағай жетістіктер тіледі.

Кездесуді қорытындылаған Біржан Қуаналиев кездесуге қатынасқан ауыл тұрғындарына ризашылығын білдіріп, келген кандидаттарға алдағы сайлауда сәттіліктер тіледі.

#AMANAT2023

#ДауысберAmanat2023

#ГолосуйЗаAmanat2023

0
0
360

Осы тақырып бойынша