Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

2022 жылы Елшібек батыр ауылында 200 орындық жаңа мектептің құрылысы салынады

Облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Тағаев Бақтияр Мұратұлы Елшібек батыр ауылында «Есіктен есікке» акциясын өткізді. Үміткер сайлаушылармен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

- 2022 жылы Елшібек батыр ауылында 200 орындық жаңа мектептің құрылысы салынады.

— «Nur Otan» партиясы бүгінгі күнге дейін халықпен бірге қиындықтарды еңсеріп, жеңіске бірге жетіп келеді. Бұдан кейін де солай болары сөзсіз. Ордабасы ауданы барлық уақытта бас партия «Nur Otan» партиясын қолдаған. Елбасымен бірге болған. Алдағы кезде де Елбасының сындарлы саясатын сабақтастырады деген сенімдеміз. Сіздерді біздің партияға дауыс беруге шақырамын, — деді Б.Тағаев.

Ерікті жастар ауыл тұрғындарына үгіт насихат үнқағаздарын таратты.

0
0
136

Осы тақырып бойынша

2022 жылы Елшібек батыр ауылында 200 орындық жаңа мектептің құрылысы салынады - Yvision.kz