Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

2021 жылдың II тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанның еңбек нарығында COVID-19 пандемиясынан...

2021 жылдың II тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанның еңбек нарығында COVID-19 пандемиясынан туындаған құлдыраудан кейін тұрақты қалпына келу байқалады. Жұмыспен қамтудың икемді түрлері қарқын алуда, азаматтар өз бизнестерін белсенді дамытуда. Осылайша, 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны 2,9%-ға (+60,2 мың адам), ал жалдамалы қызметкерлер саны 0,6% - ға (+41,1 мың адам) ұлғайды. Жұмыс күшінің саны өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 9 256,4 мың адамды құрап, 98,7 мың адамға (+1,1%) ұлғайды. Осындай жағдайды жұмыспен қамтылған халықтың серпінінен де байқауға болады, олардың саны бір жылда 101,3 мың адамға (+1,2%) 8 805 мың адамға дейін өсті. Сонымен қатар, жұмыспен қамтылғандардың құрылымында жалдамалы еңбекке қарағанда өзін-өзі жұмыспен қамтудың айтарлықтай өсуі байқалады. Ағымдағы жылдың 2-тоқсанында өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,9% - ға немесе 60,2 мың адамға артты, ал жалдамалы жұмыскерлердің саны 0,6% - ға немесе 41,1 мың адамға ұлғайды. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/250394...

***

По итогам II квартала 2021 года на рынке труда Казахстана отмечается стабильное восстановление после спада, вызванного пандемией COVID-19. Набирают обороты гибкие формы занятости, граждане активно развивают свой собственный бизнес. Так, в сравнении с аналогичным периодом 2020 года, количество самозанятых увеличилось на 2,9% (+60,2 тыс. чел.), в то время как численность наемных работников увеличилась на 0,6% (+41,1 тыс. чел.). Численность рабочей силы по сравнению аналогичным периодом прошлого года увеличилась на 98,7 тыс. человек (+1,1%), составив 9 256,4 тыс. человек. Такую же ситуацию можно наблюдать и в динамике занятого населения, число которого за год выросло на 101,3 тыс. человек (+1,2%) до 8 805 тыс. человек. При чем в структуре занятых отмечается значительный рост самозанятости нежели наемного труда. Во 2 квартале текущего года количество самозанятых увеличилось на 2,9% или 60,2 тыс. человек в сравнении с аналогичным периодом 2020 года, в то время как численность наемных работников увеличилась на 0,6% или 41,1 тыс. человек. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/250394...

0
0
338

Осы тақырып бойынша