2021 жылдың басынан бері 8, 8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
2021 жылдың басынан бері 8, 8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды 2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 8 867 адам тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Жалпы, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 79,2 мың этникалық қазақ оралған. Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (75,5%) Өзбекстаннан, 10,4%-ы ҚХР-дан, 7%-ы Түркіменстаннан, 2,5%-ы Моңғолиядан және 4,5%-ы басқа елдерден келгендер болып табылады. Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (29,9%), Түркістан (14,5%), Маңғыстау (18,7%) және Жамбыл (8,0%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,7%) қаласына қоныстанды. Ағымдағы жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 55,5%-ды, еңбекке қабілетті жастан кішілер 25,3%-ды және зейнеткерлер 19,2%-ды құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 10,9%-ының жоғары, 39,3%-ының орта кәсіби, 45,9%-ының жалпы орта білімі бар және 3,9%-ының білімі жоқ. *** По состоянию на 1 июля 2021 года на историческую родину вернулись и получили статус кандасов 8 867 человек. Всего с 1991 года в республику вернулись 1 млн 79,2 тыс. этнических казахов. Более половины кандасов (75,5%), прибывших в Казахстан с начала т.г., являются выходцами из Узбекистана, 10,4% – из КНР, 7% – из Туркменистана, 2,5% – из Монголии и 4,5% – из других стран. Прибывшие этнические казахи в основном поселились в Алматинской (29,9%), Туркестанской (14,5%), Мангистауской (18,7%) и Жамбылской (8,0%) областях, а также в городе Шымкент (10,7%). По состоянию на 1 июля текущего года, число этнических переселенцев трудоспособного возраста составляет 55,5%, 25,3% человек моложе трудоспособного и 19,2% – пенсионеры. Из числа кандасов трудоспособного возраста по уровню образования 10,9% имеют высшее образование, 39,3% среднее специальное образование, 45,9% общее среднее образование и 3,9% не имеют образования.
