2021 жылдың 9-14 сәуір аралығында Жамбыл облысы, Тараз қаласында өткен турнир.
2021 жылдың 9-14 сәуір аралығында Жамбыл облысы, Тараз қаласында өткен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және ҚазКСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Кеңес Омаровты еске алуға арналған халықаралық турнирде жерлесіміз, ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының "Катонқарағай БЖСМ" КММ оқушысы Нурмухамбетов Ильяс жүлделі екінші орынға ие болды. Бұл Ілиястың алғашқы жоғары жетістігі. Біз оның осы саладағы жетістіктері жалғасын табатынына үміттенеміз және оған жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектестік білдіреміз! Жаттықтырушы Жақбаров Жарасты және Ильясты жеңістерімен құттықтаймыз!
