2021 жылдың 5 қаңтар күні "Nur Otan" штабында Күршім аудандық сайлауалды штабында қабылдау өтті
2021 жылдың 5 қаңтар күні "Nur Otan" штабында Күршім аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық мәслихат депутатына үміткер А.Абилмажинов қабылдау өткізді. Қабылдауда жалпы халықтың сұрағы Күршім ауданының шағын елді мекендерінде ұялы телефон желісі мен ғаламтор желісінің пайда болуы және дипломмен жұмысқа келген жастар тұрғын үймен қамтамасыз етілуі туралы сауалдар қойылды.
2020 жылдың аяғында ұялы телефон және ғаламторлар Абай, Маралды, Балықшы, Ақбұлақ, Төсқайың ауылдық округтері теле2 байланысымен қамтамасыз етілді. 2021 жылы басқа да кіші елді мекендер ұялы телефон байланысымен қамтамасыз етіледі. Дипломмен ауылға келген жастарға көтерме жәрдем ақы және баспанамен қамтамасыз ету үшін 4 млн 375 мың теңге бюджеттік несие беріледі.
