2021 жылғы аудандық бюджетте "Ауыл - Ел бесігі" жобасына қаражат қарастырылған.
Құрметті жерлестер! Барлық депутаттар әлеуметтік желілерден өз парақшаларын ашқан, ол жерде депутаттық іс-қызметтер туралы ақпараттарды орналастырып отырады, сонымен қатар мәслихат жұмысы туралы ақпарат аудан әкімінің ресми сайтында, инстаграм, фейсбук парақшаларында, аудандық мәслихаттың парақшасында орналастырады. Аудандық мәслихатта үш тұрақты комиссиясы жұмыс істейді. Олар: - депутаттық өкілеттілер, әдеп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия - бюджет және қаржы, ауданның экономикалық даму жөніндегі тұрақты комиссия - әлеуметтік даму және тұрғындардың мүддесін қорғау жөніндегі комиссия. Мен "Бюджет және қаржы, ауданның экономикалық даму" жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып сайландым. Осы атқарылған жұмыстар бойынша мамыр айында сайлаушылар алдында мәслихаттың жұмысымен таныстырып өттім. Оның ішінде: аудандық мәслихаттың тұрақты комиссия мүшелері сессия материалдарын дайындау, уақытша комиссия құрамында көптеген мәселелерді тексеру, талдау, анықтау жұмыстарына қатысып, сессияға құжаттар дайындау барысында жарнамалар жасалып, аудандық елді мекендерін аралауға қатысып отырамын. 2021 жылғы аудандық бюджетте "Ауыл - Ел бесігі" жобасына қаражат қарастырылған. Бүгін жоба аясында Катонқарағай ауылында ДСК және Абай көшесінің бойындағы 3 үйдің құрылысымен танысып өттім. Жұмыстар жоспар бойынша жүргізілуде. Бұл жобаның негізгі мақсаты аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайының жақсаруы, ауылдардың көркейіп гүлденуі, жастардың ауылда тұрақтануы!
