Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

2021 жылғы 15-ші ақпанда Арқалық қалалық "Nur Otan" партиясы филиалында Фракция отырысы өткізілді

2021 жылғы 15-ші ақпанда Арқалық қалалық "Nur Otan" партиясы филиалының мәжіліс залында, барлық санитарлық талаптарды сақтай отыра, қалалық филиал төрағасы Әбішев Қайрат Тынымбайұлының қатысуымен Фракция отырысы өткізілді.

Аталмыш жиынға Арқалық қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Н.И.Гайдаренко және қалалық Қоғамдық кеңес төрағасы А.Е.Айтмағамбетов қатысты.

Фракция отырысының күн тәртібінде қаралған мәселелер:

1. Арқалық қаласында партияның сайлауалды бағдарламасын іске асырудың Жол картасын талқылау.

2. Арқалық қалалық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының 2021 жылға арналған жұмыс Жоспарын талқылау және қабылдау.

Күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша «Nur Otan» партиясының Арқалық қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тасмағанбет Сабыржан Нұрсалиұлы хабарлама жасады.

Күн тәртібіндегі 1-ші мәселе бойынша Арқалық қаласын дамыту жұмыстарына арналып жасалған Жол картасы қаралып, оны қалалық филиалдың Саяси кеңесінде бекіту ұсынылды.

2-ші сұрақ бойынша Арқалық қалалық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының 2021 жылға арналған жұмыс Жоспары қаралып, бекітілді.

«Nur Otan» партиясы Арқалық қалалық филиалының Төрағасы Қайрат Тынымбайұлы Әбішев фракция мүшелеріне Жол картасы мен депутаттық фракцияның жылдық Жоспарына қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

0
0
161

Осы тақырып бойынша

2021 жылғы 15-ші ақпанда Арқалық қалалық "Nur Otan" партиясы филиалында Фракция отырысы өткізілді - Yvision.kz