Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

2020 жылдың соңғы есіктен есікке акциясы

Көлік қатынасы, жүк тасымалы - халық тұрмысы жайлылығының бір бөлігі. Есіктен есікке акциясы аясында қаламыздың тұрғындарын осы бір қызмет түрімен қамтамасыз етіп жүрген шағын кәсіпкерлік окілдерімен кездесіп, Партия бағдарламасын насихаттадық. ABKTRANS компаниясы жас жігіттердің бастамасымен ашылған кәсіпорын. Оның ашылуына да, жұмысының дамуына да ел билігінің осы бағытта қабылдаған бағдарламалары мен шешімдерінің оң ықпалы тигені сөзсіз. "Nur Otan" партиясы саясатының да бір қыры жастар саясатымен үндеседі. Алдағы сайлауда партиялық тізімнің 20% жастардан құралуы соның бірден бір дәлелі. Ендеше ABKTRANS секілді жастардан құралған компаниялардың өз таңдауын "Nur Otan" партиясына беруі заңды құбылыс!

Nur Otan Маңғыстау облысы

Nur Otan Aktau

Ерген Сыражан

0
0
120

Осы тақырып бойынша

2020 жылдың соңғы есіктен есікке акциясы - Yvision.kz