Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы...

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы оңалтудың техникалық құралдарына және арнаулы әлеуметтік қызметтерге өз бетінше тапсырыс бере алады.

Бүгінгі күні техникалық оңалту құралдары (протездік-ортопедиялық сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар) және арнаулы әлеуметтік қызметтер мемлекеттік сатып алу арқылы беріледі. Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту, қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздің барлық аумағында әлеуметтік қызметтер порталы енгізілетін болады.

Бүгінгі күні мүгедектік белгіленген сәттен бастап техникалық құралдар мен оңалту қызметтерін алуға бір жылға дейін және одан да көп уақыт кетеді. Бұл мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізудің ұзақтығына байланысты. Оңалту құралдары көбінесе мүгедектігі бар адамдардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес келмейді, себебі бір техникалық ерекшелік бойынша мемлекеттік сатып алу арқылы көтерме саудада сатып алынады.

Бұл мәселелер мемлекеттік сатып алуды азайтуға және көрсетілетін қызметтер мен оңалту құралдарының сапасын арттыруға арналған әлеуметтік қызметтер порталын енгізу арқылы шешілетін болады.

Бұл туралы үкіметтік емес ұйымдармен кездесуде айтып берді. Енді мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызмет көрсету порталының көмегімен өзінің жеке қажеттіліктеріне қарай оңалту құралдары мен қызметтерін өз бетінше таңдай алады. Ол үшін мүгедектігі бар барлық адамдарға электронды - сандық қолтаңба алу қажет. Порталды енгізу нәтижесінде техникалық оңалту құралдарын және арнаулы әлеуметтік қызметтерді проактивті формат арқылы тағайындау бизнес-процестерінің мерзімі 1-2 аптаға дейін қысқарады.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 5 бизнес-үдерістің 2-ін порталға ауыстыру жоспарлануда: оның ішінде арнайы әлеуметтік қызметтер және 55 техникалық оңалту құралдарының 24-ін қамтамасыз ету. Портал арқылы келесі жылы мүгедектігі бар әрбір адамға жеке бейімделуді талап етпейтін техникалық оңалту құралдарының түрлері ғана жүреді. Мысалы, термометрлер, тонометрлер, ақжаймалар, кремдер және т.б. Жеке іріктеуді талап ететін оңалтудың қалған техникалық құралдары 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында пысықталатын болады.

Бүгінгі күні «Мобильдік азаматтар базасы», «Әлеуметтік тізілім», «Бірыңғай деректер қоймасы», «Қазпошта» АҚ, «Еңбек шарттарының бірыңғай жүйесі», «Жылжымалы мүлік тіркелімі» ақпараттық жүйелерін біріктіру бойынша жұмыс жүргізілуде.

--------------------------------------------------------------

На сегодняшний день технические средства реабилитации (протезно-ортопедические сурдотехнические, тифлотехнические и гигиенические средства, а также кресло-коляски) и специальные социальные услуги предоставляются посредством государственных закупок. В целях модернизации системы социального обслуживания, повышения качества и доступности услуг с 1 января 2020 года на всей территории страны будет внедрен Портал социальных услуг.

Сегодня на получение технических средств и услуг реабилитации с момента установления инвалидности уходит до года и более. Это связано с длительностью проведения процедур государственных закупок. Средства реабилитации зачастую не соответствуют индивидуальным потребностям лиц с инвалидностью, т.к. приобретаются оптом через госзакупки по одной технической спецификации.

Данные вопросы будут решены посредством внедрения Портала социальных услуг, призванного минимизировать госзакупки и повысить качество предоставляемых услуг и средств реабилитации.

Об этом и рассказали на встрече с неправительственными организациями. Теперь лица с инвалидностью с помощью Портала социальных услуг смогут самостоятельно выбирать средства и услуги реабилитации, исходя из своих индивидуальных потребностей. Для этого необходимо всем лицам с инвалидностью получить электронно- цифровую подпись. В результате внедрения портала сроки бизнес-процессов предоставления технических средств реабилитации и оказания специальных социальных услуг сократятся до 1–2 недель посредством проактивного формата их назначения.

С 01 января 2020 года планируется перевод 2 из 5 бизнес-процессов на портал: это специальные социальные услуги и обеспечение 24 из 55 техническими средствами. Через портал в следующем году пойдут только те виды технических средств реабилитации, которые не требуют индивидуальной адаптации под каждое лицо с инвалидностью. К примеру, термометры, тонометры, простыни, крема и т.д. Остальные технические средства реабилитации, требующие индивидуального подбора, будут доработаны в первом полугодии 2020 года.

На сегодня проводится работа по интеграции информационных систем «База мобильных граждан», «Социальный реестр», «Единое хранилище данных», АО «Казпочта», «Единая система трудовых договоров», «Регистр движимого имущества».

0
0
316

Осы тақырып бойынша

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы... - Yvision.kz