Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

2020 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында жалпы сомасы 171,2 млрд теңгеге 386,6 мың отбасы көпбалалы...

2020 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында жалпы сомасы 171,2 млрд теңгеге 386,6 мың отбасы көпбалалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақымен қамтылды. Қыркүйек айында осы жәрдемақы түрін жалпы сомасы 17,9 млрд теңгеге 359,6 мың отбасы алды.

Аталған мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады. Төлем мөлшері балалардың санына байланысты 44 532 теңгеден (4 бала) 77 951 теңгеге (7 бала) дейін, 8 және одан кейінгі әр балаға 4 АЕК-тен сараланған.

8 баласы бар отбасы үшін жәрдемақы 88 896 теңгені құрайды, 9 балаға – 100 008 теңге, 10 – 111 120 теңге, 11 - 122 232 теңге, 12 – 133 344 теңге, 13 – 144 456 теңге, 14 – 155 568 теңге, 15 - 166 680 теңге, 16 – 177 792 теңге төленеді.

https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/111198...

-----------------------------------------------------------------

С января по сентябрь 2020 года выплатами государственного пособия по многодетности охвачено 386,6 тыс. семей на общую сумму 171,2 млрд тенге. В сентябре данный вид пособия получили 359,6 тыс. семей на общую сумму 17,9 млрд тенге.

На данное государственное пособие могут претендовать семьи, имеющие 4 и более совместно проживающих несовершеннолетних детей или студентов очной формы обучения в возрасте до 23 лет, вне зависимости от их дохода. Размеры выплат дифференцированы в зависимости от количества детей от 44 532 тыс. тенге (4 ребенка) до 77 951 тыс. тенге (7 детей), с 8 и более детьми – по 4 МРП на каждого ребенка.

Пособие для семьи с 8 детьми установлено в размере 88 896 тенге, с

9 детьми – 100 008 тенге, с 10 – 111 120 тенге, с 11 – 122 232 тенге, с 12 – 133 344 тенге, с 13 – 144 456 тенге, с 14 – 155 568 тенге, с 15 – 166 680 тенге, с 16– 177 792 тенге.

https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/111198...

0
0
168

Осы тақырып бойынша