2020 жыл 12 желтоқсан күні аудандық маслихат депутаттығына кандидат
2020 жыл 12 желтоқсан күні аудандық маслихат депутаттығына кандидат Амангельдин А.Д онлайн форматта тікелей эфирде желі қолданушыларымен кездесті . Амангельдин А.Д өз сөзінде алдағы уақытта атқаратын жұмыстардың маңызды екендігін жеткізді . Сонымен қатар 2021-2025 жылдарға жоспарланған сайлауалды бағдарламамен қысқаша таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Желі қолданушылары көкейтесті сұрақтарын қойып белсенділік танытты.
