2019 жылы жоғары білім қалай жаңартылады
«Биылғы жылы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және тарату білім беру бағдарламаларының топтары бойынша жүзеге асырылады. Бұл жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы оқудың жаңа классификаторларын қабылдау, сондай-ақ жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының кеңеюімен байланысты», - деді Мәжілістегі «дөңгелек үстелде» Талғат Есенқұлов.
Ол білім беру гранттары бағдарламалардың топтарына қарай берілетінін айтты.
«Бұл топтағы грант иегерлері жоғары оқу орнына қабылданады және белгілі бір білім беру бағдарламасына түседі. Мысалы: бүгінгі таңда 176 мамандық білім беру бағдарламаларының 97 тобына топтастырылған. Университетке түсу кезінде үміткерлер одан әрі оқу үшін нақты бағдарламаны таңдайды. Жоғары оқу орындары жүзеге асыратын білім беру бағдарламаларының тізімі қалыптастырылуда. Білім беру бағдарламаларының тобын таңдаған кезде, үміткер қандай білім беру бағдарламалары осы бағдарлама тобына кіретінін және оларда жүзеге асырылатын университеттермен танысуға мүмкіндік алады», - деді вице-министр.
Сонымен қатар, ҰБТ сертификатымен бірге әрбір түлекке білім беру бағдарламаларының тобын, сондай-ақ өткен гранттық байқаудың нәтижесі мен берілген гранттар санын көрсететін ақпараттық парақ беріледі. Бұл ақпарат парағы үміткерге өз болашақ мамандығын таңдауға көмектеседі», - деді ол.
