2019 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 35 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады
Мемлекеттік еңбек инспекторлары еңбек жалақысын төлеу берешегі бар 35 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады. Оларға 4,7 млрд теңге төленді. 2019 жылы республиканың 1594 кәсіпорнында мемлекеттік еңбек инспекторлары 36,6 мың жұмыскердің алдында 5,3 млрд.теңгеге жуық жалақы бойынша берешектерін анықтады. Аталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 1 178 ұйғарым беріліп, 123,3 млн.теңгеден астам айыппұл салынды. Қабылданған шаралар, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 35 мыңнан астам қызметкердің құқықтары қорғалды. Оларға 4,7 млрд теңге төленді. Жалпы, а.ж. басынан бастап мемлекеттік еңбек инспекторлары 6 443 тексеру жүргізді, ҚР еңбек заңнамасының 8,9 мыңнан астам түрлі бұзушылықтары анықталып, 253 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды.
---------------------------------------------------------------
Государственные инспекторы труда защитили права более 35 тыс. работников, которым задолжалась выплата заработной платы. Им выплачено 4,7млрд тенге. В 2019 году государственными инспекторами труда на 1594 предприятиях республики выявлена задолженность по заработной плате перед 36,6 тыс. работниками на сумму около 5,3 млрд тенге. Руководителям данных предприятий было выдано 1 178 предписаний, обязательных для исполнения, и наложены штрафы на сумму более 123,3 млн тенге. В результате принятых мер, в том числе установления жестких графиков и сроков погашения задолженности по заработной плате, защищены права более 35 тыс. работников. Им выплачено 4,7 млрд тенге. В целом, с начала т.г. государственными инспекторами труда проведено 6 443 проверки, выявлено более 8,9 тыс. различных нарушений трудового законодательства РК и наложены штрафы на сумму 253 млн тенге.
