2019 жылы 20 мыңнан астам шетелдікке Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат берілді
2019 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартуға 20 мың 557 рұқсат (бұдан әрі - ШЖК) берілген. Оның ішінде бірінші санатқа (басшылар мен олардың орынбасарлары) 816, екінші санатқа (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) 4 595 рұқсат шығарылды. ШЖК тартуға арналған рұқсаттардың көп бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмыскерлер) санаттарына берілді – сәйкесінше 9 656 адам және 1 769 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға – 2 156, корпоративтік ауысым аясында 1 565 адам тартылған. Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 2 210 жұмыс беруші бар. Оларда Қазақстанның 518,8 мыңға жуық азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%-ын құрайды. Еңбекші мигранттардың негізгі шыққан елдері Қытай – 4 397 адам, Өзбекстан – 2 254 адам, Үндістан – 1 819, Түркия – 1 845, Ұлыбритания – 1 420 адам. Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын республикаға шетелдік мамандарды тартуға квота белгілейтінін еске сала кеткен жөн. 2019 жылға шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы республиканың экономикалық белсенді халқының 0,54%-ы (шамамен 48,7 мың адам) деңгейінде белгіленді.
Толығырақ https://www.enbek.gov.kz/kk/node/365008 ________________________________________________ По состоянию на 1 ноября 2019 года в Казахстане действуют 20 тыс. 557 разрешений на привлечение иностранной рабочей силы (далее – ИРС). Из них 816 выдано по первой категории (руководители и их заместители), 4 595 – по второй категории (руководители структурных подразделений). Основная часть разрешений на привлечение ИРС была выдана по третьей (специалисты) и четвертой (квалифицированные рабочие) категориям – 9 656 человек и 1 769 человек соответственно. Также на сезонные работы – 2 156, в рамках корпоративного перевода привлечено 1 565 человек. На данный момент в Казахстане насчитывается 2 210 работодателей, использующих ИРС. На них работают около 518,8 тыс. граждан Казахстана, что составляет 96% от общей численности работников. Основными странами исхода трудовых мигрантов являются Китай – 4 397 человек, Узбекистан – 2 254, Индия – 1 819, Турция – 1 845, Великобритания – 1 420. Напомним, что в целях защиты внутреннего рынка труда Правительством РК ежегодно устанавливается квота на привлечение в республику иностранных специалистов. На 2019 год ее размер составил 0,54% к численности экономически активного населения республики (порядка 48,7 тыс. человек).
Подробнее https://www.enbek.gov.kz/ru/node/365007
