2019 жылы 20 мыңнан астам шетелдікке Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат берілді
2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартуға 20 мың 938 рұқсат (бұдан әрі - ШЖК) берілген.
Оның ішінде бірінші санатқа (басшылар мен олардың орынбасарлары) 819, екінші санатқа (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) 4690 рұқсат шығарылды. ШЖК тартуға арналған рұқсаттардың көп бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмыскерлер) санаттарына берілді – сәйкесінше 9803 адам және 1738 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға – 2 216, корпоративтік ауысым аясында 1672 адам тартылған.
Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 2 396 жұмыс беруші бар. Оларда Қазақстанның 531,1 мыңға жуық азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96% - ын құрайды.
Еңбекші мигранттардың негізгі шыққан елдері Қытай - 4 433 адам, Өзбекстан - 2320 адам, Үндістан - 1837, Түркия - 1828, Ұлыбритания - 1449 адам.
Толығырақ https://www.enbek.gov.kz/kk/node/364392
--------------------------------------------------------------
По состоянию на 1 октября 2019 года в Казахстане действуют 20 тыс. 938 разрешений на привлечение иностранной рабочей силы (далее – ИРС).
Из них 819 выдано по первой категории (руководители и их заместители), 4 690 – по второй категории (руководители структурных подразделений). Основная часть разрешений на привлечение ИРС была выдана по третьей (специалисты) и четвертой (квалифицированные рабочие) категориям – 9 803 человека и 1 738 человек соответственно. Также на сезонные работы – 2 216, в рамках корпоративного перевода привлечено 1 672 человека.
На данный момент в Казахстане насчитывается 2 396 работодателей, привлекающих ИРС. На них работают около 531,1 тыс. граждан Казахстана, что составляет 96% от общей численности работников.
Подробнее https://www.enbek.gov.kz/ru/node/364391
