2019 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асыру
ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарын сақтау бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі болып табылады.
Департамент жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзудың нақты фактілері бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізеді. Сонымен қатар, Департамент объектілерге барумен профилактикалық бақылау жүргізеді, тізбесі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрімен бекітілген тізімде көрсетілген.
Департамент 2019 жылға «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарын сақтау тұрғысынан 137 тексеру жүргізді, шамамен 800 астам бұзушылықтар анықталды. Нәтижесінде 73 бақылау субъектілеріне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді, оның ішінде 22 субъект әкімшілік жауапкершілікке тартылды, жалпы сомасы 6 262,0 мың теңге. ---------------------------------------------------------------- Департамент Комитета труда, социальной защиты и миграции МТСЗН РК по Костанайской области (далее - Департамент) является территориальным подразделением уполномоченного органа, осуществляющего государственный контроль по соблюдению требований Законов Республики Казахстан «О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан» и «О специальных социальных услугах». Департаментом проводятся внеплановые проверки по обращению физических и юридических лиц по конкретным фактам нарушений требований законодательства Республики Казахстан. Кроме этого, Департамент проводит профилактический контроль с посещением объектов, перечень которых указан в утвержденном Министром труда и социальной защиты населения РК в списке. Департаментом за 2019 год проведено 137 проверок на предмет соблюдения Законов «О социальной защите инвалидов» и «О специальных социальных услугах», выявлено порядка более 800 нарушений. В результате 73 субъектам контроля выданы предписания об устранении выявленных нарушений, в том числе привлечено к административной ответственности 22субъекта на общую сумму 6 262,0 тыс.тенге.
