2019 жылдың І жарты жылдығында 280 мыңнан астам қазақстандық «Еңбек» бағдарламасымен қамтылды
Үкімет алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-мнистрі Е. Жылқыбаев «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасын 2019 жылдың І жарты жылдығында іске асыру қорытындылары туралы айтып берді.
Осы жылдың І жарты жылдығында елімізде 186 мың жұмыс орны құрылды, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7%-ға өскен.
Салалар бойынша қарайтын болсақ, ең көп жұмыс орны саудада, құрылыста, ауыл шаруашылығында құрылған. Құрылған жұмыс орындарының негізгі бөлігі, яғни 30%-ы Алматы қаласына, Алматы, Маңғыстау облыстарына тиесілі. Ал ауылдық жерлерде 77 мыңнан астам жұмыс орны ашылған, бұл 42%-ды құрайды.
«Еңбек» бағдарламасы қабылданғалы 190 млрд теңге бөлініп, 1,2 млн адам қамтылды. Ал, осы жылы 124 млрд теңге көзделіп, кем дегенде 700 мың азаматты қамту жоспарланып отыр. Ол былтырғы жылмен салыстырғанда 100 мың адамға көп», — деді бірінші вице-министр.
Жарты жыл ішінде 281 мың адам қамтылды, 52%-ы — жұмыссыздар. 198 мың адам жұмысқа орналастырылды, соның ішінде 121 мыңы немесе 61%-ы — тұрақты жұмыспен қамтылды.
Бағдарламаның бірінші бағыты «Кәсіптік оқыту» аясында қысқа мерзімді курстарға 22 мың адам жіберілді, оның ішінде 3 мың адам оқуды аяқтады. 1 қыркүйектен бастап Тегін техникалық және кәсіптік білім алуға 22,3 жас азамат жіберіледі. Бірінші вице-министр қатысушыларға берілетін стипендияның мөлшері 30%-ға арттырылып, 21 788 теңгені құрайтынын айтты.
Сонымен қатар, оқудың тиімділігін арттыру мақсатында осы жылдан бастап білім беру ұйымдарына қойылатын талап күшейтілді. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп оқу орындарының тізілімі жасалып, бекітілді. Бүгінгі таңда оған 615 оқу орны мен оқу орталықтары енді.
«Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағытын іске асыруға биыл 83 млрд теңге бөлініп, 19 мың адамды қамту жоспарда бар.
«Осы жылдың 6 айында 4 мың шағын несие берілді, оның ішінде ауылдарда – 3218, қалаларда – 600 шағын несие. Стартап жобаларын қолдауға 2130 шағын несие, зәкірлі кооперацияларды дамытуға 286, жеке істі кеңейтуге 1402 шағын несие берілді», — деді Е. Жылқыбаев.
Шағын несие алушылардың ішінде әйелдердің үлесі 31,2%-ды құрайды немесе 1 622 шағын несие берілген, ал жастардың үлесі – 16,4 % құрайды немесе 855 шағын несие берілген.
Соның нәтижесінде, биыл шағын несие алған адамдар жаңа 5 мың жұмыс орнын құрған, оң әлеуметтік жағдайға қол жеткізді.
Жыл басынан бері «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 15 мың адам қамтылды, оның ішінде 12,5 мың адам бизнес жобаларын қорғап шықты.
«2019 жылдың соңына дейін оқитындардың санын екі есеге арттырып, қосымша 40 мың адамды оқытуды жоспарлап отырмыз. Бұған қосымша 3,2 млрд теңге көзделуде», — деді бірінші вице-министр.
Мемлекет тарапынан табысы аз, көп балалы отбасыларды және халықтың басқа да әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында гранттар беруге 12 млрд теңге бөлінді. Бүгінде 2 334 грант берілді.
Е. Жылқыбаев жұмыспен қамтуды мемлекеттік қолдау шараларын кеңейту, оқыту сапасын арттыру және кәсіпкерлікті дамыту мақсатында келесі шаралар қарастырылғанын атап өтті. Олардың қатарында үш жыл ішінде 200 мыңға жуық жас азаматтарды қамтитын 200 жаңартылған білім беру ұйымдарының базасында 100 сұранысқа аса ие индустриялық және сервистік мамандықтар бойынша мамандар даярлау, жыл сайын 20 мың жастар өкілдерін тарту арқылы «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, 505 мың теңгеге дейін өтеусіз мемлекеттік гранттар беру.
В ходе пресс-конференции на площадке Правительства первый вице-министр труда и социальной защиты населения РК Е. Жилкибаев рассказал об итогах реализации Госпрограммы развития продуктивной занятости и массового предпринимательства «Еңбек» за I полугодие 2019 г.
В I полугодии текущего года в стране было создано 186 тысяч рабочих мест, что на 7% больше, чем за аналогичный период прошлого года.
Больше всего рабочих мест было создано в торговле, строительстве и сельском хозяйстве. Основная часть созданных рабочих мест, т.е. 30%, принадлежит г. Алматы, Алматинской и Мангистауской областям. В сельской местности создано более 77 тыс. рабочих мест, что составляет 42%.
«С начала реализации программы «Еңбек» было выделено 190 млрд тг и охвачено 1,2 млн человек. В текущем году направлено 124 млрд тг и планируется охватить как минимум 700 тыс. человек. Это на 100 человек больше, чем в прошлом году», — проинформировал первый вице-министр.
За полгода программой было охвачено 281 тыс. человек, из них 52% — безработные. 198 тыс. человек были трудоустроены, из них 121 тыс. или 61% — на постоянные рабочие места.
В рамках первого направления программы «Профессиональное обучение» на краткосрочные курсы направлены 22 тыс. человек, 3 тыс. из них завершили обучение. С 1 сентября 2019 года на бесплатное техническое и профессиональное образование будет направлено 22,3 тыс. молодых людей. При этом, первый вице-министр отметил, что размер стипендий участникам увеличился на 30% и теперь составит 21 788 тенге.
Вместе с тем, в целях повышения эффективности образования с этого года возрос спрос на учебные заведения. Совместно с НПП «Атамекен» разработан и утвержден Реестр образовательных учреждений. На сегодняшний день в реестр входят 615 учебных заведений и центров.
На реализацию второго направления программы «Развитие массового предпринимательства» в текущем году выделено 83 млрд тг, запланировано охватить 19 тыс. человек.
«За 6 месяцев т. г. было выдано 4 тыс. микрокредитов, в том числе в сельской местности — 3218, в городах — 600 микрокредитов. 2130 микрокредитов было выдано на развитие стартап-проектов, 286 — развитие якорных коопераций, 1402 — расширение частного бизнеса», — сообщил Е. Жилкибаев.
Доля женщин среди получателей микрокредитов составила 31,2% или 1 622 микрокредитов, доля молодежи — 16,4% или 855 микрокредитов.
В результате, те, кто получил в этом году микрокредиты, открыли 5 тыс. новых рабочих мест, что способствовало созданию положительной социальной ситуации.
Кроме того, с начала года 15 тыс. человек прошли обучение основам предпринимательства в рамках проекта «Бастау Бизнес», из которых 12,5 тыс. человек защитили бизнес-проекты.
«До конца 2019 г. планируется увеличить количество учащихся вдвое и обучить дополнительно 40 тыс. человек. На эти цели будет выделено 3,2 млрд тг», — отметил первый вице-министр.
На государственные гранты для поддержки малообеспеченных, многодетных семей и других социально уязвимых групп населения выделено 12 млрд тг. На сегодня выдано 2334 грантов.
Е. Жилкибаев подчеркнул, что в целях расширения мер государственной поддержки по трудоустройству, повышению качества обучения и развития предпринимательства, предусматриваются следующие меры. В их числе, подготовка специалистов по 100 наиболее востребованным индустриальным и сервисным профессиям на базе 200 модернизированных учебных заведений с охватом порядка 200 тысяч молодых граждан за три года, обучение основам предпринимательства «Бастау Бизнес» с вовлечением 20 тысяч представителей молодежи ежегодно, выдача безвозмездных государственных грантов в размере до 505 тысяч тенге.
