Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

2019 жылдың I тоқсанына азаматтарды қабылдау кестесі

Азаматтарды қабылдау

кестесін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының орталық және жергілiктi атқарушы органдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын ұйымдастыру туралы» 2002 жылғы 4 қыркүйектегі №974 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, сонымен қатар «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Заңына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. 2019 жылдың I тоқсанына арналған Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшылығымен азаматтарды қабылдау кестесі бекітілсін (1 қосымшаға сәйкес).

2.Бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз ету ұйымдық – техникалық қамсыздандыру және талдамалық жұмыс бөлімінің басшысы Ә.Р.Айтуароваға жүктелсін.

3.Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4.Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Басшысының м.а. А. Сатаева

1
3
587

Осы тақырып бойынша