Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы және жәрдемақы төлемдерінің арттыруы туралы

«2019 - 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына сәйкес 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап келесі көрсеткіштер орнатылады:

Ең төменгі зейнетақы-36 108;

Базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері-16 037;

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК)-2 525 теңге мөлшерінде;

Ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕК) - 29 698 теңге.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедектігі және асыраушысынан айрылу бойынша мемлекеттік жәрдемақылар, 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға (қамқоршыларға, қорғаншыларға) және бала кезінен 1-топтағы мүгедектерге күтім жасайтын адамдарға берілетін жәрдемақылар ЕК мөлшерінің ұлғаюына байланысты 5%-ға артады.

Қостанай облысы бойынша осы арттыру мүгедектігі бойынша жәрдемақы алатын шамамен 20 мың мүгедектерге, асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы алатын 8 мың отбасыларға, мүгедектердің күтіміне байланысты жәрдемақы алатын 3 мың ата-аналар мен тұлғаларға қатысты.

№1 және №2 Тізімдер бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақының, мемлекеттік арнаулы жәрдемақының, бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақының және бала күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақының, көп балалы аналарға берілетін жәрдемақының мөлшері АЕК мөлшерінің ұлғаюына байланысты 5%-ға артады.

Еңбек ету қабілетінен айырылған және асыраушысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер 5 пайызға артады.

Сонымен қатар 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жасына байланысты барлық зейнеткерлерге алынатын мөлшерден 7%-ға, базалық зейнетақы төлемі -5%-ға артатын болады. Бұл ретте арттыру облыс бойынша шамамен 132 мың зейнеткерлерге қатысты.

Бұл ретте АЕК мөлшерінің артуына байланысты, 2019 жылы жаңадан тағайындалатын зейнетақы мөлшерін есептеу үшін есепке алынатын ең жоғары табыс 116 150 теңгені құрайды (46 АЕК).

Сонымен жаңа жылдан бастап базалық зейнетақыны ескере отырып ең төменгі зейнетақы 52 мың теңгені құрайды, зейнетақының орташа мөлшері- 87 мың теңге.

Жалпы жаңа жылдан бастап облыс бойынша шамамен 330 мың әр түрлі төлемдерді алушыларға қатысты болады.

0
0
1856

Осы тақырып бойынша

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы және жәрдемақы төлемдерінің арттыруы туралы - Yvision.kz