2019 жылғы 9 сәуірден бастап базалық зейнетақыны қайта есептеуді жүргізу үшін жүргізілген міндетті
2019 жылғы 9 сәуірден бастап базалық зейнетақыны қайта есептеуді жүргізу үшін жүргізілген міндетті зейнетақы жарналарының аударымдары туралы кәсіпорыннан растауды ұсыну мүмкіндігіне қатысты өзгерістер күшіне енді.
2019 жылғы 9 сәуірден бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №223 бұйрығымен бекітілген, бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін беру, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына толықтырулар күшіне енді, яғни міндетті зейнетақы жарналары толық және уақтылы аударылмаған жағдайларда міндетті зейнетақы жарналарын жүзеге асыру кезеңдері жұмыс берушінің (құқықтық мирасқордың) анықтамасымен растауға болады. Бұрын мұндай жағдайда базалық зейнетақыны есептеу тек сот шешімі бойынша мүмкін болды.
Енді жұмыс беруші зейнетақы жарналарын ай сайын ұстап қалуды жүзеге асырған, бірақ оларды уақытында аудармаған жағдайларда, базалық зейнетақыны қайта есептеу жүргізілген аударымдар туралы кәсіпорын немесе құқықтық мирасқордан анықтама-растау негізінде мүмкін болады. Кәсіпорын немесе ұйым болмаған жағдайда бұл факт сот тәртібімен расталуы тиіс.
