Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай

2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің бақылау функцияларын жүзеге асыру

ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарының талаптарын сақтау бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі болып табылады.

Департамент жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзудың нақты фактілері бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізеді (Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 144-бабы 2т. 3т.).

Бұдан басқа, Департамент объектілерге барумен профилактикалық бақылау жүргізеді, тізбесі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрімен бекітілген тізімде көрсетілген.

Департамент 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңдарын сақтау тұрғысынан 61 тексеру жүргізді. Нәтижесінде 35 бақылау субъектілеріне анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді, оның ішінде жалпы сомасы 1 512 мың теңгеге 9 әкімшілік айыппұл салынды (ӘҚБтК 83-бабы).

Департамент Комитета труда, социальной защиты и миграции МТСЗН РК по Костанайской области (далее - Департамент) является территориальным подразделением уполномоченного органа, осуществляющего государственный контроль по соблюдению требований Законов Республики Казахстан «О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан» и « О специальных социальных услугах».

Департаментом проводятся внеплановые проверки по обращению физических и юридических лиц по конкретным фактам нарушений требований законодательства Республики Казахстан (пп.3 п.2 ст.144 Предпринимательского Кодекса Республики Казахстан).

Кроме этого, Департамент проводит профилактический контроль с посещением объектов, перечень которых указан в утвержденном Министром труда и социальной защиты населения РК в списке.

Департаментом по состоянию на 1 июля 2019 года проведено 61 проверок, на предмет соблюдения Законов «О социальной защите инвалидов» и «О специальных социальных услугах». В результате 35 субъектам контроля выданы предписания об устранении выявленных нарушений, в том числе по 9 наложены административные штрафы (ст. 83 КоАП) на общую сумму 1 512 тыс.тенге.

0
0
208

Осы тақырып бойынша

2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай - Yvision.kz