2019 - 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңы
8 бап. 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап белгіленсін:
ең төменгі жалақы мөлшері - 42 500 теңге; мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 16 037 теңге; зейнетақының ең төменгі мөлшері - 36 108 теңге; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш - 2 525 теңге; базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы - 29 698 теңге.
