2019-2020 жылдары ШҚО бойынша білім саласында 30 - дан астам сыбайлас жемқорлық фактілері тіркелген
ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің мәліметі бойынша 2019-2020 жылдар аралығында білім беру мекемелерінің бас бухгалтерлері, бухгалтерлері және басшыларының қатысуымен 30 астам сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері тіркелгені жайлы - "Nur Otan"партиясы ШҚОФ жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары А.Светаш мәлімдеді.
Отырысқа "Nur Otan" партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшелері, ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Қайрат Нургазинович Сапарғалиев, ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Динара Тоқсанбайқызы Шаухина қатысты.
«Мектеп қабырғасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі бағдарламаны іске асыру шеңберінде рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие контексінде қалалар мен аудандардың білім беру мекемелерінде 647 "Адал Ұрпақ" клубы құрылды, олардың негізгі мақсаты – мектепте жоғары өнегелі, жауапты, бастамашыл, әлеуметтік-Құзыретті азамат пен өз елінің патриотын қалыптастыру және дамыту үшін жағдай жасау. Клубқа кіргендердің саны 42120 оқушыны құрайды. Қауымдастық құрамына білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектеп клубтарының төрағалары, "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер бірлестіктерінің көшбасшылары мен мектеп оқушылары енді» - дейді ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Динара Тоқсанбайқызы.
Кеңес отырысы қорытындысы бойынша ШҚО білім басқармасына бірнеше нұсқаулықтар ұсынылды: партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Бағдарламасын орындалуын жүйелендіру, оның орындалуын қадағалау, Әдеп жөніндегі уәкіл қызметін жандандыру, басқарма жанындағы комиссиялардың қызметін заңдылығын, ашықтығын қамтамасыз ету, есепшілік, мемлекеттік сатып алу және орындалған жұмыстарды, қызметтердің қабылдануын бақылауды орталықтандыру көрсетілді.
