2018 жылы жүргізілген ішінара және жоспардан тыс тексерулердің қорытындыларына сәйкес құқықтық оқыту
2019 жылдың 1 ақпанында өткен жылы жүргізілген ішінара және жоспардан тыс тексерулердің қорытындыларына сәйкесБатыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қызметкерлеріне құқықтық оқыту өткізілді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы М.Кабдоллин құқықтық оқыту барысында бос лауазымдарға конкурс өткізу талаптарына енгізілген өзгерістер,мемлекеттік лауазымдарға қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға енгізілген өзгерістер,2019 жылдан бастап әкімшілік мемлекеттік қызметке кіру үшін арналған тестілеудің өзгерістерібойынша, сонымен қатар аталған тексеріс нәтижесі бойынша анықталған кемшіліктердің болашақта болдырмауы бойынша сөз қылды.
Құқықтық оқытуға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, олардың барлығына қажетті жауаптар қайтарылды.
