Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

2018 жылға мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру

Бүгінгі күні Қазақстанда дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға, оның ішінде халықтың қауқары аз топтары үшін кедергісіз орта құру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Облыста 2014-2018 жылдарға арналған объектілерді бейімдеу бекітілген жоспарына сәйкес 1166 объектілерге қол жеткізуін қамтамасыз ету жоспарланған, қалалар мен аудандар әкімдерінің деректері бойынша 1166 объектіге қолжетімді. 2018 жылы 179 объекті бейімделді. Сонымен қатар, мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді ортаны тиімді іске асыру үшін тұрақты негізде мемлекеттік бақылау қызметі жүзеге асырылады. Бақылау қызметі аясында 2018 жылға Департаменттің мекенжайына ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнаманы бұзу бөлігінде жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер бойынша 74 жоспардан тыс тексерулер жүргізілді, нәтижесінде 32 бақылау субъектілеріне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді, 4 266 мың теңге жалпы сомасында 20 әкімшілік айыппұл салынды. Бүгінгі күні тексерілген объектілерде қол жетімділікті қамтамасыз ету бойынша аталған жұмыс Департаменттің бақылауында. Еске саламыз, 2015 жылы Қазақстан Республикасы мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қатысты халықаралық стандарттарды енгізу бойынша өзіне міндеттемелерді қабылдай отырып, мүгедектердің құқықтарын қорғау туралы конвенцияны ратификациялады. Сондай-ақ ҚР әкімшілік кодексінде 83 бап жұмыс істей бастады. ҚР ӘҚтК-тің 83 бабына сәйкес – мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзу: мүгедектердің әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қол жеткізуін қамтамасыз етпеу, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға, лауазымды тұлғаларға айыппұл түрінде жауапкершілік шаралары қарастырылған. Лауазымды тұлғаларға қатысты айыппұл сомасы (мемлекеттік құрылымдар басшыларына) 50 АЕК немесе 126 мың теңге, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 120 АЕК немесе 303 мың теңге; орта кәсіпкерлік субъектілеріне 200 АЕК немесе 505 мың теңге және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 400 АЕК немесе 1010 мың теңге.

0
0
275

Осы тақырып бойынша

2018 жылға мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру - Yvision.kz