ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

2017 жылы елімізде зейнетақы мен жәрдемақының мөлшері

1

2017 жылы зейнетақы төлемдері екі рет арттырылады.

Біріншіден, зейнетақының мөлшері 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 9%-ға арттырылады.

Екіншіден, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы төлемдері 2016 жылдың деңгейіне сәйкес 20%-ға ұлғайтылады.

Мысалы:

Егер ынтымақты зейнетақы мөлшері 2016 жылы 40 000 теңге болса, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 9%-ға арттырылып, 43 600 теңгені құрайтын болады. 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап тағы 11%-ға ұлғайтылып, жалпы мөлшері  48 396 теңге болады.

Базалық зейнетақы 2017 жылғы 1 қаңтардан 7%-ға, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2017 жылдың 1 шілдесінен тағы да 13%-ға ұлғайтылады.

Мысалы:

«2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 7%-ға арттырылып, 12 802 теңгені құрайтын болады. 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап тағы 13%-ға ұлғайтылып, жалпы мөлшері 14 466 теңге болады.

Жоғарыда аталған өзгерістерді ескере отырып, зейнетақының ең төменгі мөлшері (базалық зейнетақыны есептегенде) 2016 жылғы 37 789 теңгеден 2017 жылғы 1 шілдеде 45 711 теңгеге артады. Зейнетақының орташа мөлшері (базалық зейнетақыны есептегенде) 55 154 теңгеден 66 721 теңгеге дейін ұлғаяды.

Бала тууына байланысты берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 2017 жылғы 1 қаңтардан 7%-ға, ал 2017 жылғы 1 шілдеден тағы 20%-ға арттырылады. Нәтижесінде 2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда өсім 27%-ды құрайтын болады.

«Егер ағымдағы жылы бірінші, екінші, үшінші баланың тууына байланысты берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 66 621 теңге болса,2017 жылғы 1 қаңтарда 71 270 теңге болып, 1 шілдеде 86 222 теңгеге дейін артпақ. Ағымдағы жылы төртінші баланың тууына байланысты берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 111 035 теңге болса, 2017 жылғы 1 қаңтарда 118 мың теңге болып, 1 шілдеде 142 947 теңгені құрамақ», - деп түсіндірді Тамара Дүйсенова.

Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен келесі жылы қосымша 1,8 млрд. теңге бөлінеді.

Жалпы алғанда, жоғарыда аталған зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерлерінің артуына республикалық бюджетті нақтылау кезінде қосымша 81,6 млрд. теңге қарастырылмақ.