Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

2017 жылдың І жартыжылдығының жұмыс қорытындысы бойынша брифинг

2017 жылдың 18 шілдеде өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан Республиксының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Ә.Исақов бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған брифинг өткізді.

Брифинг барысында мемлекеттік қызметтің жаңа моделін жүзеге асыру жағдайы, Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарының сақталуын бақылау және мемлекеттен көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты сұрақтар бойынша сөз етілді.

Сондай-ақ, ол «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында Департаменттің мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыстары жөнінде айтып өтті.

Мемлекеттік қызмет саласында бірегей саясатты жүзеге асыру жөнінде сөз етіп, облыс аумағында 461 мемлекеттік орган қызмет ететіндігі жөнінде ақпараттандырды.

Ағымдағы жылдың 1 шілде жағдайына мемлекеттік қызметшілердің штат саны 4438 құрады. Мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 4148 құрады (ЖАО-2345, ОАО-1803).

I жартыжылдықта таза ауысушылық барлығы 179 адамды (ЖАО-113, ОАО-66) немесе 4%-ды мемлекеттік қызметшілердің штат санынан құрады, соның ішінде мемлекеттік қызметке түсудің бірінші жылында жұмыстан босатылғандардың саны-15 адам(ЖАО-10, ОАО-5)

2017 жылдың 1 тоқсанының көрсеткіштерімен салыстырғанда облыс бойынша «таза ауысушылық» 0,4% (87 қызметші).

I жартыжылдықтың қорытындысы бойынша «Б» корпусының 3097 мемлекеттік қызметшілерініңқызметін бағалау жүргізілді. Қызметшілердің 105-і немесе 3,4%-ы «өте жақсы» бағасын, 2521-і немесе 81,4%-ы«тиімді» бағасын,471-і немесе 15,2%-ы«қанағаттандырарлық», 0«қанағаттандырар-

лықсыз» баға алған.

Жыл басынан бері облыстағы мемлекеттік органдармен 754 лауазымға конкурс өткізіліп, соның ішінде бірінші ішкі конкурс-268, екінші ішкі конкурс-120, жалпы конкурс – 366. Конкурсқа барлығы 850 кандидат қатысты. Конкурс  нәтижесі бойынша 410 кандидат өтіп отыр. Конкурста бір орын 1,1 адамды құрады. Ішкі конкурс нәтижесі бойынша 81 мемлекеттік қызметші немесе 48,5%-ы мансаптық жоғарылатуға ие болды.

Жылдың басынан бері заңнама бойынша тестілеуге 931 адам қатысты. Соның ішінде 398 кандидат немесе 42,75%-ы өтіп отыр.

Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы брифинг барысында мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы сақтауды бақылау бағытында атқарылып жатырған жұмыстар жөнінде атап өтті.

Ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығында Департаментпен 28 тексеру жүргізілді, соның ішінде: 6-ішінара, 22-өтініштер бойынша. Оның барысында 357 заңбұзушылық анықталды. Тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік органдарға 11 заңбұзушылықтарды жою туралы ұсыныс беріліп, бүгінгі күнге барлығы орындалды. Тәртіптік жауапкершілікке 18 қызметкер тартылды.

Жыл басынан бері Әдеп жөніндегі Кеңестің 6 отырысы өткізіліп, онда 47 мәселе қаралды, оның ішінде: 19 (40,4%) өаңбұзушылықтардың алдын-алу мәселесі және 28 (59,6%) тәртіптік істер.

Тәртіптік істерді қарау қорытындысы бойынша 21 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды. Оның ішінде: 6 - Әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін, 15 – мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылыққа жол бергені үшін.

Сондай-ақ, Департамент басшысы мемлекеттен көрсетілетін қызметтердің сапасына назар аудартты.

2017 жылдың 1 жартыжылдығында облысымызда 358 көрсетілетін қызмет түрі бойынша 2,5 млн (2531972) астам қызмет көрсетілді, ол 2016 жылдың 1 жартыжылдығына қарағанда (2604512) 2,6%-ға төмен.

Қағаз түрінде көрсетілген қызмет санының үлесі 23,2% құрады.

Барлық көрсетілген мемлекеттік қызметтердің ішінен «Азаматтарға арналған  үкімет» мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызметтердің үлесі 29,3%, ал электронды түрде көрсетілген қызметтердің үлесі 47,5% құрады. «Азаматтарға арналған  үкімет» мемлекеттік корпорация және электронды түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы үлестік бөлігі бұрыңғы жылдың ұқсас кезеңнің көрсеткіштерінен 59% ға артық.

Мерзімін бұзып көрсетілген қызметтердің саны 46, (оның ішінде техникалық ахауларына байланысты жылжымайтын мүлікке құқықтарын тіркеу мемлекеттік қызмет түрі бойынша 33 қызметтің мерзімін бұзу фактілеріне жол берілген)

Ең көп мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімін бұзу фактілері әлеуметтік салада жол берілген. Жалпы бұзушылықтарға жол бергені үшін 8 лауазымдық тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері бойынша 22 тексеру жүргізіліп, олардың барысында 1241 бұзушылық анықталды. Бұзушылықтарды жою туралы 9 ұсыныс хат жоданып, 10 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен, Исақов Б.Ә. Департамент қызметінің негізгі бағыттарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының себептері мен жағдайларының азайту болып табылатындығын айтып өтті.

2017 жылдың 1 жартыжылдығында Департаментпен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бойынша 32,, мың адамның қатысуымен 317 шара өткізілді.

Соның ішінде, мемлекеттік қызметшілер және құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен, азаматтық қызметкерлер, квазимемлекеттік сектордың қызметкерлерімен, бизнес өкілдері, қоғамдық ұйымдар, діни, этномәдени, жастар ұйымдарының, БАҚ, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, студенттер мен мектеп оқушыларының қатысуымен228лекциялар мен семинарлар өткізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері шарттары мен жағдайларын анықтау және жою мақсатында 2017 жылы Департаментпен 10 мемлекеттік орган мен ұйым (6 мемлекеттік орган және 4 квазимемлекеттік секетор субъектісі) қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді, оның ішінде Агенттіктапсырмасы бойынша -7, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қорытындысы бойынша -1 және мемлекеттік органдар бастамасымен -2. Жүргізілген талдау нәтижесінде 101 сыбайлас жемқорлыққа себеп болатын фактор анықталды.Барлығы 101 ұсыныс беріліп, бүгінгікүні оның   95-і немесе 94%-ы орындалды.

Брифинг барысында Департамент басшысы БАҚ өкілдерінің сұрақтарына тиісті жауаптар берді.

 
0
0
473

Осы тақырып бойынша

2017 жылдың І жартыжылдығының жұмыс қорытындысы бойынша брифинг - Yvision.kz