2017 жылдың 9 айының жұмыс қорытындысы бойынша брифинг
2017 жылдың 17 қазанда өңірлік Коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Әлмұханұлы Исақовтың төрағалығымен БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өтті.
Брифинг барысында мемлекеттік қызметтің жаңа моделін жүзеге асыру жағдайы, Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарының сақталуын бақылау және мемлекеттен көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты сұрақтар бойынша сөз етілді.
Сондай-ақ, ол «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында Департаменттің мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыстары жөнінде айтып өтті.
Мемлекеттік қызмет саласында бірегей саясатты жүзеге асыру жөнінде сөз етіп, Батыс Қазақстан облысындағы мониторингке тоқталды. Облыс аумағында 461 мемлекеттік орган қызмет атқарады.2017 жылдың 1 қазаны бойынша облыстың мемлекеттік қызметшілерінің штат саны 4427 бірлікті құрады. Облыстың мемлекеттік қызметшілерінің нақты саны 4081 (ЖАО – 2301, ОАО – 1780) құрады.
Жыл басынан облыста мемлекеттік органдарында 1279 әкімішілік мемлекеттік бос лауазымға, оның ішінде, мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы конкурс - 485, барлық мемлекеттік қызметшілер арасында-207, жалпы конкурс- 587 өткізілді.
Заңнамалардың талаптарына сәйкес 2017 жылы облыстың1377 мемлекеттік қызметшілердін оқыту жоспарланған.9 айдың қорытындысы бойынша 989 немесе жоспар санынан шаққанда 71,8% мемлекеттік қызметші оқытылды. Қайта даярлау бойынша 246 мемлекеттік қызметші, біліктілігін арттыру бойынша 743 қызметші.
Заңнамалардың талаптарына сәйкес 2017 жылы облыстың 1377 мемлекеттік қызметшілердін оқыту жоспарланған.
Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы брифинг барысында мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы сақтауды бақылау бағытында атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталды.
Мемлекеттік қызмет заңнамасын бақылау аясында Департаментпен ағымдағы жылдың 9 айында 40 тексеру жүргізілді, оның ішінде: 9 - ішінәра, 29 - жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде және 2 – қылмыстық қудалау органының тапсырмасы бойынша, оның барысында 545 заңбұзушылық анықталды.
Тексеру нәтижелері бойынша ағымдағы жылдың 9 айында мемлекеттік органдарға 15 заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс беріліп, бүгінгі күні 14 ұсыныс орындалды(93,3%), 1 ұсыныс қаралуда.
Жыл басынан бері Әдеп жөніндегі Кеңестің 9 отырысы өткізіліп, онда 66 мәселе қаралды, оның ішінде: 35 (53%) тәртіптік істер.
Облыстағы мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссияларының 2017 жылдың 9 айына жүргізілген талдау қорытындысы бойынша, 788 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаларға тартылған, соның ішінде: 479 жергілікті атқарушы органдарының қызметшілері, 309 аумақтық органдарының қызметшілері.
Тәртіптік жауапкершілікке тартылған 788 мемлекеттік қызметшінің, 661 қызметшінің істері тәртіптік комиссия отырыстарында қаралмай тәртіптік жауаптылыққа тартылған.
Тәртіптік комиссия және өзге уәкілетті органдардың ұсыныстары негізінде 127 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылған (39 - жергілікті атқарушы орган, 88 - аумақтық орган), оның ішінде: қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін – 15 (9 - жергілікті атқарушы орган, 6 - аумақтық орган), мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік терiс қылық жасағаны үшін – 23 (14 - жергілікті атқарушы орган, 9 - аумақтық орган), өзге Қазақстан Республикасы заңнама нормаларын бұзғаны үшін -89 (16 - жергілікті атқарушы орган, 73 - аумақтық орган).
Мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларымен – 125 тәртіптік іс материалдары қаралған (25 - жергілікті атқарушы орган, 100 - аумақтық орган), оның ішінде – 104 тиісті тәртіптік жаза қолдану ұсынылса (21 - жергілікті атқарушы орган, 83 - аумақтық орган), 180 -тәртіптік жаза қолдану үшін негіз жоқ ұсыныс қабылдаған (16 - жергілікті атқарушы орган, 164 - аумақтық орган).
Есепті кезең ішінде қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін – 46 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаларға тартылса (37 - жергілікті атқарушы орган, 9 - аумақтық орган), мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік терiс қылық жасағаны үшін – 25 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаларға тартылған (14 - жергілікті атқарушы орган, 11 - аумақтық орган).
Сондай-ақ, Департамент басшысы Департамент қызметінің негізгі бағыттарының бірі -сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының себептері мен жағдайларын азайту болып табылатындығын атап өтті.
Бұл бағытта 2017 жылдың 9 айында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша 62 мың адамның қатысуымен Департаментпен 549 іс-шара өткізілді.
Сыбайлас жемқорлық жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды анықтау және жою мақсатында 2017 жылдың 9 айында Департаментпен 15 мемлекеттік орган мен ұйым (9 мемлекеттік орган және 6 квазимемлекеттік сектор субъектісі) қызметтерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді. Жүргізілген талдау нәтижесінде 138 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды.
Одан әрі, Б.Исақов мемлекеттен көрсетілетін қызметтердің сапасына назар аудартты.
Департаментпен 2017 жылдың 9 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының мәселелері бойынша 39 тексеру жүргізілді.Тексерулер нәтижесі бойынша 1986 заң бұзушылық анықталды.
ҚРМемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен жасырын сатып алушы әдісі арқылы қоғамдық бақылау жобасы жүзеге асырылды. 2017 жылдың 22 мамыр мен 31 тамыз аралығындақоғамның белсенді түрдегі қатысуымен құжаттарды қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын 40 мекемеге 62 рет бақылау жүргізілді.
Шара соңында брифинг спикері БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауаптар берді.
