2014 жылдың жұмыс қорытындылары бойынша Бас прокуратураның алқа мәжілісі туралы баспасөз ақпараты
Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалығымен Бас прокуратураның кеңейтілген алқа мәжілісі болып өтті. Онда 2014 жылдың жұмыс қорытындылары талқыланып, алдағы кезеңге арналған басымдықтар айқындалды. Мәжіліске Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев және Президент Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі Ерлік Кененбаев, Бас прокуратураның жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшелері және Парламент депутаттары қатысты.

