2014 жылғы Қазақстан Республикасы жолдарындағы апаттылықтың және жарақат алушылықтың ахуалы туралы баспасөз ақпараты
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметіне сәйкес, республика бойынша 2014 жылы 20 378 жол-көлік оқиғасы (ЖКО) тіркелді, онда 28 527 адам қаза болған және жарақат алған.
Бұл ретте, ЖКО салдарынан 2 585 қаза болғандардың 1 906-сы ер адам және 679-ы әйел адам, оның ішінде 232-сі кәмелетке толмағандар, ал 25 942 жарақат алғандардың – 14 011-і ер адам және 11 931-і әйел адам, оның ішінде 4 632-сі кәмелетке толмағандар.
