2 желтоқсан күні «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында
су құбырлары, ғимарат шатыры толық ауыстырылып, мектеп ауласы, қоршау, асфальт жолдары жаңартылған. Сонымен қатар өрт қауіпсіздік жүйесі орнатылып, 32 бейне бақылау құрылғысы және интернет желісі іске қосылды. Жалпы мектептің жобалық сыйымдылығы 320 орын, мектепте 0-11 сыныптарда (мектепалды даярлық және 1-11 сыныптар) барлығы 185 оқушы оқыту жоспарлануда. Сондай-ақ жөндеу жұмыстары кезінде жол картасы бойынша толық 46 азамат жұмыспен қамтылған.
