Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«№2 қалалық балалар ауруханасы» мекемесі ұжымымен үгіт- насихат кездесуі өтті

«Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласынан жергілікті мәслихат депутаттығына ұсынылған үміткерлердің «№2 қалалық балалар ауруханасы» мекемесі ұжымымен үгіт- насихат кездесуі өтті.

Кездесуге Хамидуллина Зайтуна Гадиловна - №3 көпсалалы қалалық емханасының бас дәрігері, Тулеуханова Ләззат Мұратқызы – «Технологиялық колледж» бас директоры және Жапарова Гүлжамал Алкенқызы – «Тұран-Астана» университетінің ректоры қатысты.

Кездесу барысында үміткерлер медицина өкілдерімен тиімді диалог құра алды, олар өз қажеттіліктері туралы айтты. Олардың ұмтылыстарын естіген үміткерлер, өз кезегінде, сайлауалды бағдарламаны іске асыру аясында партияның алдағы жоспарларымен бөлісті. Көптеген тармақтар отандық дәрігерлердің өзекті мәселелерін шешуге бағытталғандығы қуантады..

0
0
115

Осы тақырып бойынша

«№2 қалалық балалар ауруханасы» мекемесі ұжымымен үгіт- насихат кездесуі өтті - Yvision.kz