ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

1960 жылы желтоқсанда туған әйелдер үшін хабарлама,жасына байланысты зейнетақы төлемдерін...

1960 жылы желтоқсанда туған әйелдер үшін хабарлама,

жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға уақытында жүгіну қажеттілігі туралы

"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап әйелдер үшін зейнетақы жасы 59 жасты құрайды және ағымдағы жылғы шілдеден бастап 1960 жылғы 1 шілдеден бастап туған әйелдер зейнеткерлікке шыға бастады.

Осыған байланысты, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті 1960 жылдың желтоқсан айында туған әйелдерге зейнетақы төлемдерін тағайындауға ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін уақытылы жүгіну қажеттігі туралы хабарлайды, өйткені 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдер үшін зейнеткерлікке шығу жасы 59 жас 6 айды құрайды.

Осылайша, осы әйелдер ағымдағы жылдың соңына дейін уақтылы жүгінбеген жағдайда, олар зейнетке тек 59,5 жаста шыға алады.

Сондай-ақ, "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ (ХҚКО) мемлекеттік корпорациясымен зейнетақы төлемдерін тағайындауға құжаттарды қабылдау зейнеткерлік жасқа толғанға дейін 10 күн бұрын жүзеге асырылатынын хабарлаймыз.

-----------------------------------------------------------

Согласно Закону Республики Казахстан «О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан» с 1 января 2019 года пенсионный возраст для женщин составляет 59 лет и с июля месяца текущего года на пенсию стали выходить женщины, рожденные с 1 июля 1960 года.

В связи с чем, Департамент Комитета труда, социальной защиты и миграции по Костанайской области доводит до сведения женщин, рожденных в декабре 1960 года о необходимости своевременного обращения за назначением пенсионных выплат до 31 декабря текущего года, так как с 1 января 2020 года пенсионный возраст выхода на пенсию для женщин составит 59 лет 6 месяцев.

Таким образом в случае не своевременного обращения данных женщин до конца текущего года, выйти на пенсию они смогут только в 59,5 лет.

Также доводим до сведения, что Государственной Корпорацией НАО «Правительство для граждан» (ЦОН) прием документов на назначение пенсионных выплат осуществляется за 10 дней до достижения пенсионного возраста.