17 тамыз күні «Nur Otan» партиясының праймеризі бастау алды!
ҚҰРМЕТТІ ЕСКЕЛДІ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ! Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, 17 тамыз күні «Nur Otan» партиясының праймеризі бастау алды. Праймериз – Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне және барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттыққа, партияның, филиалдарының органдарына кандидаттарды ұсынуға және мемлекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыным жасауға арналған партиялық тізімдерге одан әрі енгізу үшін алдын ала партияішілік іріктеу болып табылады. Кандидаттар праймеризге бастауыш партия ұйымының атынан немесе өзін-өзі ұсыну жолымен де қатысуы мүмкін. Бұл ретте партияның құндылықтарын ұстанатын және сайлау құқығы бар кез келген азамат үміткер бола алады. Осы орайда, егер Сіз мемлекетіміздің гүлденуіне үлесіңізді қосып, ауданымыздың дамуына еңбек еткіңіз келсе праймеризге қатысуға шақырамыз. Кандидаттарды ұсыну және тіркеу 17 тамыздан басталып 28 тамызға дейін жалғасады. Толық ақпаратты nurotan.kz , primaries.kz сайты немесе Ескелді аудандық партия филиалы арқылы біле аласыз. Егерде сіз талапқа сай болсаңыз құжаттарыңызды өткізуіңізге болады. Құрметпен - «Nur Otan» партиясы Ескелді аудандық филиалының төрағасы, Ескелді ауданының әкімі Р.Рақымбеков. ______________________________________________
УВАЖАЕМЫЕ ЖИТЕЛИ ЕСКЕЛЬДИНСКОГО РАЙОНА! С 17 августа текущего года в нашей стране согласно поручению Первого Президента Республики Казахстан Н.Назарбаева стартовал праймериз партии «Nur Otan». Ключевая цель праймериз – выявление на основе конкурентной борьбы реальных и сильных лидеров для дальнейшего формирования эффективного депутатского корпуса в маслихатах всех уровней и Мажилисе Парламента РК, продвижения по партийной линии, рекомендации на должности в государственные органы. Кандидаты для участия в праймериз могут выдвигаться как от первичной партийной организации, так и путем самовыдвижения. При этом претендентом может стать любой гражданин, разделяющий ценности партии и обладающий избирательным правом В этой связи, если вы хотите внести свой вклад в процветание страны и внести свой вклад в развитие нашего района, приглашаем Вас принять участие в праймериз.
