16 ақпан күні Талғар аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракция жиналысы өтті
2021 жыл 16 ақпан күні Талғар аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракция жиналысы өтті.
Депутаттық фракция жиналысының күн тәртібінде 2 мәселе қарастырылды:
1. «Nur Otan» партиясы Талғар аудандық Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналаған «Жол картасын» талқылады;
2. Талғар аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракция мүшелерінің жеке жұмыс жоспарларын бекітті.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе - «Nur Otan» партиясы Талғар ауданының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған «Жол картасын» талқылау бойынша «Nur Otan» партиясы Талғар аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Күрішбеков Бақыт Қуатбекұлы сөз сөйлеп, «Жол картасының» бағыты бойынша толықтай түсініктеме берді.