15 қараша Ұлттық валюта күні
Адамзат кез-келген жұмыстың, әр мамандықтың абыройлы екендігін және де адамның өз жұмысына қаншалықты жауапкершілікпен қарап, қаншалықты ынта-жігермен жұмыс істейтініне байланысты болатынын әрқашан мойындап отырған. Барлық кәсіп өздігінше ерекше және маңызды. Әр кәсіптің өзінің жұмыс айрықшылығы, өзінің қайталанбас тарихы, өз құндылығы және өз батырлары бар. Әрине дерлік әр кәсіптің өзінің ерекше аталып өтетін мерекелі күні- өзінің кәсіби мерекесі де бар! Міне бүгін, 15 қараша экономиканың қаржы секторының қызметкерлері күні. Осы күнді таңдау кездейсоқ емес және бұл күн өзіміздің ұлттық валютамыз - теңгенің 1993 жылдың 15 қарашасында айналымға енуімен байланысты.
Сіздерге жұмыстарыңыздың келешекте де Қазақстан экономикасының қаржы әлеуетін дамытуға, күшейтуге және де кәсіпкерлік секторының қаржы жағынан ырысты-берекелі болуына мүмкіндік туғызуға бағытталуына тілектеспіз .
Дендеріңіздің сау, еңбектеріңіздің жемісті болып, қаржылық қызметте тұрақтылық пен жаңа белестерге жетулеріңізге жүрекжарды тілегімізді білдіреміз!
Мамандық бар қаржыгер,
Арналған соған бар жігер.
Есеп-қисап қиынын,
Өткерген бастан жан білер.
Құтты болсын мейрамың,
Ақ тілекті жинадым.
Денсаулық, бақыт тілеумен,
Бір өлең сіздерге сыйладым.
“Nur Otan” партиясы Тарбағатай аудандық филиалының бірінші орынбасары Ж. Мұхамадиева
