15 қараша - ауыл шаруашылығы, тамақ және өнеркәсіп өндірісі қызметкерлерінің күні!
Құрметті әріптестер, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп кешенінің қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!Бұл мереке жерде еңбек ететін, мал шаруашылығымен айналысатын, азық-түлік өнеркәсібінде жұмыс жасайтын, еліміздің және өңіріміздің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге талмай үлес қосып жүрген жандардың басын қосады.Халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасының жақсы болуы ауыл шаруашылығының дамуымен тығыз байланысты. Бұл ел экономикасының ең маңызды саласының бірі.
Сіздерге Отанымыздың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы табанды еңбектеріңізбен өз істеріңізге адалдықтарыңыз, туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңіз үшін алғыс айтамыз.Осы мерейлі мереке күні сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, шаңырақтарыңызға бақ-береке, әр бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!

