Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

1411 колл-орталығының алаңында Әлеуметтік қызметтер порталын пайдалану және колл-орталықтың жұмысы..

1411 колл-орталығының алаңында Әлеуметтік қызметтер порталын пайдалану және колл-орталықтың жұмысы мәселелері бойынша мүгедектігі бар адамдар қатарындағы белсенділер мен қоғам қайраткерлерінің консультациясы өтті. Сервис азаматтарға әлеуметтік-еңбек саласының негізгі бағыттары бойынша консультация беруге мамандандырылған, оның ішінде зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру, әлеуметтік сақтандыру, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, еңбек қатынастары және т. б. мәселелер бар. Іс-шара барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кеңесшісі Әділет Закиев мүгедектігі бар адамдар мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналарды келесі жылдан бастап порталда жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандарының қызметтеріне тапсырыс беру бойынша, сондай-ақ санаторий-курорттық емдеуді жүзеге асыру үшін ұйымды таңдау бойынша функционалдың қосылатыны туралы хабардар етті. Осы жылдың қазан айында бұл функционал пилоттық режимде іске асырылатын болады. Аралау барысында колл-орталықтың басшылығы қатысушыларға оның жедел және үздіксіз қызметін 60 адам қамтамасыз ететінін айтты. Колл-орталық күн сайын сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз, мерекелік және демалыс күндерінсіз жұмыс істейді. Күніне Қазақстанның барлық өңірлерінен 3,5-тен 5 мыңға дейін қоңырау түседі. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/110906...

-----------------------------------------------------------------

На площадке колл-центра 1411 прошла консультация активистов и общественных деятелей из числа лиц с инвалидностью по вопросам использования Портала социальных услуг и работы колл-центра. Сервис специализируется на консультациях граждан по основным направлениям социально-трудовой сферы, среди которых пенсионное и социальное обеспечение, социальное страхование, оказание адресной социальной помощи, трудовые отношения и др. В ходе мероприятия советник министра труда и соцзащиты населения РК Адилет Закиев проинформировал лиц с инвалидностью и матерей, воспитывающих детей-инвалидов, о том, что со следующего года на Портале будет запушен функционал по заказу услуг индивидуальных помощников и специалистов жестового языка, а также по выбору организации для осуществления санаторно-курортного лечения. Уже в октябре т.г. данный функционал будет реализован в пилотном режиме. В ходе посещения, руководство колл-центра рассказало присутствующим, что его оперативную и бесперебойную деятельность обеспечивают 60 человек. Колл-центр работает ежедневно с 09.00 до 20.00 часов без перерывов, праздничных и выходных дней. В день поступает от 3,5 до 5 тыс. звонков из всех регионов Казахстана. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/110906...

0
0
221

Осы тақырып бойынша

1411 колл-орталығының алаңында Әлеуметтік қызметтер порталын пайдалану және колл-орталықтың жұмысы.. - Yvision.kz