ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

1362 жамбылдық Тұңғыш Президенттің Алғыс хатымен марапатталды

«Nur Otan» партиясының облыстық филиалының ғимаратында ҚР Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы алдында «Nur Otan» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге белсене атсалысқандарды ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хатымен марапаттау рәсімі өтті.

Марапатты «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық сайлауалды штабы төрағасының орынбасары, Қазақстанның Еңбек Ері, «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Мұқаш Ескендіров тапсырды.

Дәл осы күні мұндай рәсім облыстың барлық ауданы мен Тараз қаласында ұйымдастырылып, жергілікті сайлауалды штабтың жетекшілері «Nur Otan» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына атсалысқан 1362 жамбылдықты ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хатымен марапаттады.

Олардың қатарында жергілікті сайлауалды штабтың мүшелері мен сенімді өкілдермен бірге ерікті жастар да бар.